Тимур, 61 год
Приехали с женой в санаторий, она вычитала про него что-то в интернете, ну, и я за компанию поехал. Не отпущу же ее одну. Она очень за собой следит. Все время какие-то маски делает, и они помогают, но очень дорого это мне обходится. Когда приехали, она сразу пошла на процедуры, а я просто отдохнуть решил. В итоге, сходил в бассейн и бильярд. Встретились с женой только вечером в ресторане за ужином. Ей так понравилось, что она и меня решила на процедуры отправить, мол, мне там курс лечения подберут и для здоровья хорошо и заняться есть чем. На следующий день пошел на консультацию. Мне подобрали процедуры. Сначала точечный массаж, так как у меня частенько побаливает голова. Долгое время жена не могла заставить меня желудок проверить, а я не хотел глотать шланг. Мне сказали, то это и не нужно. В итоге мне сделали промывание желудка. Я даже не почувствовал ничего. Зато на следующий день так легко было. Жена тоже довольна. Уехали счастливыми, отдохнувшими и здоровыми.
Санаторийға әйелім екеуміз келдік. Ол бұл жер жайлы ғаламтордан оқып алыпты. Жалғыз жібермеу үшін, бірге келдім. Ол өзін қатты күтеді. Әрқашан бетіне маскалар жасап жүреді, оның нәтижесі жақсы, бірақ менің қалтамды қағады. Келе салысымен ол ем-дом шараларына кетті, мен жай ғана демаламын деп шештім. Нәтижесінде бассейнге және бильярдқа бардым. Әйеліммен тек кешкі ас үстінде мейрамханада жолықтық. Оған ұнағаны соншалық, келесі күні мені де маман кеңесіне жазып қойыпты. Менің денсаулығыма қажетті ем-дом жүргізеді және айналысатын іс те табылады деді. Сонымен кеңеске барған соң, маған ем шаралар тізімін берді. Алдымен нүстелік уақалау, өйткені менің басым жиі ауырады. Әйелім үнемі маған асқазаныңды тексерейік деп айтатын. Мен шланг жұтуды қаламайтынмын. Ал бұл жерде оны жасаудың қажеті де жоқ екен. Тек асқазанымды шайып берді. Жағымсыз ештеңе сезінгенім жоқ. Келесі күні өзімді сондай жайлы сезіндім. Әйелім де дән риза. Демалыстан сергек, сау әрі бақытты болып қайттық.